Пәннің қысқаша сипаттамасы: Ғылым жайлы түсінік қалыптастырып, тақырыптардан туындайтын жүйелі білімге қол жеткізіп, олардың сыни-сараптамалық, аналитикалық, креативті ойлау негіздерін қалыптастыру.
Ғылыми ойдың дамуын, қалыптасуын философиялық позициядан қарастыру, ғылыми әлемнің мәнді жақтарын ашып көрсету. Философиялық білімнің ғылыми -философиялық процесімен, философияның негізгі теориялық мәселелерімен таныстыру. Әр түрлі танымдық стратегиялардың негізінде танымның ғылыми әдісітерін қолдануға үйрету, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Ғылым тарихындағы нақтылы кезеңдерге сәйкес, ойшылдардың идеяларын, тұжырымдарын, көзқарастарын саралау
- Философия мен ғылым тарихындағы нақтылы кезеңдердегі бағыттарды, ағымдарды, мектептерді және ілімдерді саралау.
- Ғылым тарихы мен философиясының негізгі бөлімдері ауқымындағы ілімдерді талдау
- Ғылым философиясының негізгі бөлімдері ауқымында категориялық-терминологиялық аппарат қалыптастыру
- Алған білімдерден қорытынды шығарып, өзіндік дүниетанымын кеңітіп, мәдениетін жоғарылату.
- Дүниенің ғылыми бейнесін жете түсіну негізінде ғылыми проблемаларды өз бетімен талдау

Компетенциялар (білім алу нәтижелері):
- Ежелгі дәуірден ХХІ ғасырға дейінгі ойшылдар мен ғалымдардың биографиясын білу.
- Тиісті тақырыпқа сәйкес ойшыл-ғалымдардың идеяларын, тұжырымдарын, көзқарастарын талдап көрсету
- Тиісті тақырыпқа сәйкес бағыттарды, ағымдарды, мектептерді (феноменология, экзистенциализм, прагматизм, позитивизм, структурализм және т.б.) және олар көтерген ғылыми мәселелерді негіздеп көрсету.
- Тиісті тақырыпқа сәйкес философиялық-ғылыми ілімдерді (материализм, идеализм, физикализм, гилозоизм, сциентизм, антисциентизм және т.б.) негіздеп көрсету.